Жақыпов Фостер не үшін қызметінен кететінін түсіндірді

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Питер Фостер Air Astana басшылығынан не үшін кететінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жақыпов Фостер әуекомпанияның директорлар кеңесінің кеңесшісі болып қалатынын атап өтті. 

- Бұған бірнеше себеп болды. Питер Фостер Air Astana компаниясында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Корпоративтік стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес, Питер Фостердің компания тізгінін басқа адамға беруіне себептер болды. Алайда ол Директорлар кеңесінің кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады. Әуе компаниясының жұмысы үздіксіз әрі тұрақты болуы үшін ол кеңесші рөлінде өз қызметін жалғастыра бермек, – деді Жақыпов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Air Astana басшысы Питер Фостер қызметінен кететіні белгілі болды.