Ресейдің автокөлік нарығы Қазақстанға көз тастап отыр

Сырым Қаржас
Фото: ubrr.ru

Ресейлік автоконцерндер шетел нарықтарын сақтап қалу үшін бар күшін салуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейде отандық көліктердің шетелге сатылымын жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы қолдау ұсынылды. Алайда ресейлік сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жергілікті “арзан несие” бағдарламасымен бәсекелесу оңай болмайды.

ҚЫТАЙ МЫСАЛЫ

Мысал ретінде Қытайдың тәжірибесі келтірілді: онда автокөліктер уақытша жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен сатылады. Бұл жүйеде сатып алушылар арзан несие рәсімдей алады, ал мөлшерлеме айырмасын автокөлік өндірушілер өтейді. Өз кезегінде өндірушілер ҚХР үкіметінен субсидия алады.

- Автокөлік экспортын шетелдік сатып алушыларға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы да қолдауға болады. Қазір біз бұл идеяны Ресей экспорт орталығындағы әріптестермен бірге пысықтап жатырмыз, – деді “АвтоВАЗ” президенті Максим Соколов Ресей мемлекеттік кеңесі комиссиясының отырысында (дәйеккөз – “Автоновости дня”).

КЕДЕНДІК САЯСАТ

Сондай-ақ Соколов Ресей мен Қазақстан үкіметтері деңгейінде автокөліктерге арналған кедендік баж салығын төмендету мәселесін талқылау қажет екенін де атап өтті.