Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин отставкасы туралы сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Журналистердің айтуынша, министрлік әзірлеген салық реформасы жөніндегі бірқатар ұсыныстар жүзеге аспаған, ал қоғамда осыған байланысты әлеуметтік кернеу байқалған.
ЖАУАП
- Белгілі бір жағдайларда ғана шенеунік отставкаға өтініш береді. Сіздер мұны әлеуметтік кернеу деп атайсыздар, біз – диалог деп атаймыз. Біз үкімет ішінде ешқандай шешімді кулуарда қабылдаған жоқпыз, – деді Жұманғарин.
Ол сондай-ақ қабылданған салық кодексін қоғамға түсіндіру жұмыстары бір сәтке де тоқтамағанын атап өтті.
- 18 шілдеде мемлекет басшысы заңға, кодекске қол қойды. Сол күні кешке мен өзім “Атамекен” ұлттық палатасы базасында алғашқы түсіндіру отырысына қатыстым. Содан бері біз бір күн де тоқтаған жоқпыз. Біздің мониторингтік және түсіндіру топтарымыз бүкіл Қазақстанды екі рет аралап шықты. Соңғы сапарымызда өзім де қатыстым — медиа-орталықта жиналыс өткіздік, – деді министр.