Бейжің-2022: 7 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Ulysmedia

Бүгін Бейжің Олимпиадасында бірнеше спортшымыз жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта финалдық жарыстар өтеді. Бұл қашықтықта ел намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдова қорғамақ. Олар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өнер көрсетеді деп күтілуде. Тікелей эфирді Qazsport арнасынан тамалауға болады.

Сонымен қатар, 15.00-де әйелдер арасында биатлоннан сайыстар басталады. 15 шақырым қашықтықта Қазақстан атынан Галина Вишневская-Шепоренко қатысады. Биатлон Хабар арнасының тікелей эфирінен ұсынылмақ. Т