Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ болады, ал солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы −4…−6°C, күндіз +1…+3°C болады.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C болады.
Шымкент: бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C болады.
Тұрғындар мен жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда сақ болу, көктайғақ пен қатты жел кезінде абайлап жүру ұсынылады.