Ресейдегі трансұлттық интернет-алаяқтар желісін әшкере болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ІІМ мәліметінше, Ресейдің үш өңірінде интернет-алаяқтар анықталған.
- Олар Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтарына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасау үшін sim-карталарды жеткізу және қосу арнасын ұйымдастырған. Арнайы операция нәтижесінде күдіктілерден 11 sim-box құрылғысы, 3 ноутбук, 31 ұялы телефон, сондай-ақ 19 мыңнан астам қазақстандық және еуропалық sim-карталар тәркіленді. Тәркіленген ноутбуктерде 2023 жылдың басынан бастап іске қосылған түрлі байланыс операторларының абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер сақталған "лог-файлдар" табылды, – делінген хабарламада.
Бұл нөмірлер алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланылған.
- Заңсыз әрекеттері үшін Ресей Федерациясының төрт азаматы ұсталды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Бірлескен әрекеттер sim-карталарды жеткізу арнасын және трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатуға, азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудың алдын алуға, сондай-ақ халықаралық киберқылмысқа елеулі соққы беруге мүмкіндік берді, - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.