Алдағы демалыс күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесіне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

25 қазан күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

– Дүйсенбі, 27 қазанда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау уақыты ХҚКО-ларда – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 9:00-ден 12:00-ге дейін. Құжаттарды беру мамандандырылған орталықтарда сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады, – деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

28 қазаннан бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған орталықтар әдеттегі жұмыс тәртібіне оралады.

Айта кетейік, 2025 жылы 25 қазан сенбі күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады.