Қазақстан азаматтары Луганск облысында миграциялық есепке тұрған. Бұл туралы мәліметтерді өзін «Луганск халық республикасы» деп атайтын құрылымның ІІМ-і жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жергілікті дерек бойынша, жыл басынан бері аталған аумақта 6,5 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген.
КӨШІП БАРҒАНДАР
Мигранттардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Олардың саны 5,5 мыңнан асады. Әзербайжаннан – шамамен 1,1 мың, Украинадан – 1 мыңға жуық, Тәжікстаннан – 650, Армениядан – 549 адам тіркелген.
Сондай-ақ Қырғызстаннан келгендердің саны 500-ге жуық, ал Қазақстан азаматтарының саны 200-ден асады.
ҚАЗАҚСТАН ҰСТАНЫМЫ
Еске сала кетсек, 2022 жылдың маусымында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан «квазимемлекеттік құрылымдарды» мойындамайтынын мәлімдеген.
Мемлекет басшысының сөзінше, Донецк және Луганск халық республикалары Қазақстан тарапынан танылмайды.