Арзан ет пен сүтті қайдан алуға болады

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Астанада биылғы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Астанада биылғы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 қазан күні таңғы сағат 08:00-де Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, яғни «Казанат» ипподромының қарсы бетінде өтеді.

Бұл жәрмеңкеге өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Сауда сөрелерінде шамамен 50 түрлі азық-түлік өнімі ұсынылады, олардың қатарында ет және шұжық өнімдері, балғын балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп пен көкөністер бар.

Жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі қолжетімді өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстаннан сиыр етін  экспорттауға жыл соңына дейін шектеу енгізілетіні белгілі болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан ірі қара малдың етін (сиыр етін) үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға квота енгізу көзделген. Шектеудің мерзімі - 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.