Жаңбыр, тұман және жел: 26 қазанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

«Қазгидромет» 2025 жылғы 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз.

Түнгі және таңертеңгі уақытта республика бойынша тұман түседі. Орталық өңірлерде түнде көктайғақ болады, ал оңтүстікте күндіз найзағай ойнайды. Сондай-ақ оңтүстікте және шығыста жел күшейеді.

ӨРТ ҚАУПІ

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы және Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар.