АҚШ конгрессмендері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады: онда не айтылған

Сырым Қаржас
ucla.edu

АҚШ конгрессмендері Қазақстанды Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМДЕР ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құттықтау хаттарын конгрессмендер Билл Хайзенга (Мичиган), Роберт Адерхольт (Алабама), Джимми Панетта (Калифорния), Том Суози (Нью-Йорк) және Сидни Камлагер-Дав (Калифорния) жолдады.

Олар өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуге қол жеткізіп, АҚШ үшін сенімді және болжамды серіктеске айналғанын атап өтті.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Америкалық заң шығарушылар Қазақстан жүргізіп жатқан демократиялық институттарды нығайтуға, ашықтық пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.

Сондай-ақ Қазақстан ядролық қарусыздану мен дінаралық диалог саласында жетекші ел ретінде аталды.

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін конгрессмендер жаһандық бейбітшілік пен өзара түсіністікке қосылған маңызды үлес деп бағалады.

Баяндамаларда экономикалық және энергетикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Конгрессмендер Chevron және Wabtec секілді америкалық компаниялардың Қазақстандағы сәтті жобаларын атап өтіп, мұндай бастамалар АҚШ-тың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, екіжақты тұрақты байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.