Тоқаев Трампқа хат жолдады

Сырым Қаржас
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

– Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды, – делінген Ақорада таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алдағы аптада АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерінің елімізге сапары жоспарланғанын растады.

Атап айтқанда, Қазақстанға АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау келеді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Негізгі назар қазақ-америкалық саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.