Ресей тарапы әлі күнге дейін Қазақстандағы үш жылу электр станциясының (ЖЭС) құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі жөнінде жауап берген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Елдің үш қаласында ЖЭС-ті «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы өз күшімен салады, деп жазады centralmedia24.kz. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, әр жобаның құны мен техникалық сипаттамалары, соның ішінде жабдықтардың конфигурациясы мен пайдаланылатын көмірдің маркасы жеке айқындалатын болады.
– Бүгінгі таңда Ресей тарапынан қаржыландыру шарттарын келісу бойынша түпкілікті жауап алынған жоқ. Семей және Өскемен қалаларындағы ЖЭС жобалары бойынша жұмыс «Самұрық-Энерго» күшімен Көкшетау ЖЭС-інің құрылысына ұқсас тетік негізінде жүргізіледі. Жобаларды іске асыру кезінде ұлттық мүдделер мен ең тиімді экономикалық жағдайлар ескеріледі, – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар, ведомство ресейлік тараптың алдағы уақытта бұл жобалар бойынша серіктестік ұсынуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Еске салайық, Ресей Федерациясы елдің үш қаласында – Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭС салуы тиіс еді. Алайда кейінірек бұл жоба ресейлік тараптың қаржылық қиындықтарына байланысты тоқтатылған болатын.