Абзал Нүкенов Ақордадағы қызметінен кетті

Сырым Қаржас
Фото: ОКҚ

Абзал Нүкенов Ақордадағы қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

НЕ БЕЛГІЛІ?

Нүкенов еңбек жолын 2000 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратында идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты болып бастаған. Кейін осы бөлімде жаппай саяси жұмыстар секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ал президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына 2025 жылы 11 наурызда тағайындалған.