Семейде түрмеде отырған сотталушы қайтыс болды

Сырым Қаржас
Фото: Freepik

Ішкі істер министрлігі сотталушылардың жаппай ауруханаға түсуі туралы хабарларға жауап берді. Ведомство әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Әңгіме бір сотталушыға қатысты оқиға туралы болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Семейде адам зорлағаны үшін сотталған адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, сотталушылардың жаппай ауруханаға түсуі туралы ақпарат шындыққа сай емес.

– Зорлау ісі бойынша жазасын өтеп жатқан сотталушы өзін нашар сезінгенін айтып, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексеру нәтижесінде оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақырылған, – делінген хабарламада.

Ведомство жалған ақпарат таратқандардың заң алдында жауапкершілікке тартылатынын еске салды.