Астанада 1,1 млрд теңге жалақы төленбей қалған

Динара Жарқынбек
Ulysmedia.kz коллажы

Астана қаласында жұмысшыларға төленбеген жалақы мөлшері 1,1 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Прокуратура мәліметінше, прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сот орындаушылары жұмысшылардың пайдасына жалпы көлемі 1,1 млрд теңге қаржы өндіріп, 1 мыңнан астам азаматтың еңбек құқықтары қорғалған.

Мысалы, прокуратураның актісі негізінде бір серіктестіктің 9 млн теңге тұратын көлік құралы жалақы қарызын өтеу үшін жеке тұлғаға берілген.

ТАҒЫ БІР ОҚИҒА

Тағы бір жағдайда 60 жұмысшының мүддесін қорғау мақсатында акционерлік қоғамның 16 млн теңге көлеміндегі дебиторлық берешегі мәжбүрлеп өндірілген.