АҚШ соты Қазақстан арқылы Ресейге санкциялық тауарлар жеткізілгенін анықтады

Сырым Қаржас
caliber.az

АҚШ-тағы Eleview International Inc. компаниясы Ресейге санкция салынған тауарларды жеткізу тізбегін құрғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Федералдық соттың (Шығыс Вирджиния округі) материалдарына сәйкес, компанияның топ-менеджерлері Виталий Борисенко мен Олег Наяндин 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың маусымына дейін АҚШ-тан Ресейге тауар мен технологияны заңсыз экспорттау жөнінде сөз байласқан.

ЖЕТКІЗУ БАҒЫТЫ

Тергеу деректеріне қарағанда, санкциялық өнімдер Түркия, Финляндия және Қазақстан арқылы жөнелтілген. Осылайша, АҚШ Сауда министрлігіне жалған ақпарат берілгені айтылады. Қазақстанға жеткізілген қос мақсаттағы өнімдердің жалпы көлемі 1,47 миллион доллар болған.

ҚАЗАҚСТАН

Құжаттарда Қазақстан тарапынан лауазымды тұлғалардың бұл схемаға қатысы бар-жоғы нақты көрсетілмеген. Ал Eleview International басшыларының өздері АҚШ Әділет министрлігімен мәміле жасап, тергеуге ынтымақтастық орнатқандықтан, бостандықта қалды.