Қазақстандағы футбол клубтарына өткен маусымда жалпы 31,9 млрд теңге (шамамен $59,4 млн) бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАРЖЫ ҚАЙДАН БӨЛІНДІ?
«Дядя Ваня» Telegram-арнасының деректерінше, аймақтық спорт басқармаларының есебінен 26,7 млрд теңге, ал қазына қаржысымен жұмыс істейтін Sport Qory қоры елордалық «Астана» клубына 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Осылайша, Астана мен Алматыдан тыс өңірлердің клубтары ең көп қаражат алған болып отыр.
КЛУБТАР
2024 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша премьер-лига клубтарының бюджеті төмендегідей болды:
• «Ақтөбе» – 4,43 млрд тг
• «Ордабасы» – 3,55 млрд тг
• «Елімай» – 2,77 млрд тг
• «Қызылжар» – 2 млрд тг
• «Тобыл» – 1,9 млрд тг
• «Жеңіс» – 1,94 млрд тг
• «Атырау» – 1,9 млрд тг
• «Оқжетпес» – 1,8 млрд тг
• «Жетісу» – 1,75 млрд тг
• «Қайсар» – 1,92 млрд тг
• «Қайрат» – 750 млн тг
• «Ұлытау» – 744 млн тг
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.k Қазақстандағы ең танымал клубтың мысалында зерттеу жүргізген еді.