"Құлаған Назарбаев" Мәскеуге аттанды

Сырым Қаржас
Фото: Анвар Ракишев

Мәскеудегі заманауи өнер мұражайы Garage қазақтың танымал суретшісі Ербосын Мелдібековтің “Құлаған Назарбаев” атты инсталляциясын сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Nationalbusiness.kz сайтының мәліметінше, бұл жұмыс 2024 жылдың ақпанында “Бұран — Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында” атты жеке көрмеде алғаш рет жұртшылыққа ұсынылған болатын.

Көрмеге Талдықорғанда орнатылған, кейін 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында құлатылған Назарбаев мүсінінің бес қола көшірмесі қойылған. Автор композицияны ескерткіштің құлау сәтін кадрлап бейнелеу арқылы құрған — бір қарағанда құлаған мүсін қайтадан көтеріле бастағандай әсер қалдырады.

Көрмені Кайрат Боранбаевтың “Целинный” заманауи мәдениет орталығы мен Серік Толықпаевтың Aitas Foundation қоры ұйымдастырған. Алайда туынды қоғамда дау туғызып, ұйымдастырушылардан оны экспозициядан алып тастауды талап еткен. Суретші мен куратор бас тартқан соң, Aitas Foundation Мелдібековпен әріптестікті тоқтатқан.

“Құлаған Назарбаев” инсталляциясын Garage мұражайы ондаған мың доллар шамасында сатып алған. Нақты сома жарияланған жоқ.