Астанада алты автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Сырым Қаржас
vechastana .kz

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап №7, 13, 53, 64, 503 және 505 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

CTS өкілдері сондай-ақ жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша жүргізілмейтін аялдамаларды атады.

– Құрметті жолаушылар! “Бағыстан” тұрғын үй кешенінің аялдамасына баратын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №26, 27 және 502 бағыттағы автобустар аталған аялдамада жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша тоқтатады, – деп хабарлады компания өкілдері.