Алматының әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.
BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапқан еді.
Оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған. DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.