Танзаниядағы сайлау: мұсылман әйел Самия Сулуху Хасан қайта президент болып сайланды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Самия Сулуху Хасан президенттік сайлауда сенімді жеңіске жетіп, 97,66% дауыс жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Танзанияның Тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясының мәліметінше, Хасан биліктегі «Чама Ча Мапиндузи» партиясының өкілі болды. Осылайша, ол ел тарихында екі мәрте президент болып сайланған алғашқы әйел атанды.

Самия Сулуху Хасан бұл қызметке алғаш рет 2021 жылғы наурызда, президент Джон Магуфули қайтыс болғаннан кейін, сол кезде вице-президент қызметін атқарып жүрген кезінде келген еді.

Оның билікке келуі Танзания үшін маңызды қадам болды, себебі бұған дейін елді тек ерлер басқарған еді.