Трамп Нигерияға әскер кіргізетінін ескертіп, Пентагонға дайындық жүргізуді тапсырды

Сырым Қаржас
AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияға қарсы әскери операция өткізу мүмкіндігіне байланысты Пентагонға дайындықты бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамптың айтуынша, жоспарланып отырған операция христиандарды өлтірген лаңкестердің көзін жоюға бағытталған.

— Егер Нигерия үкіметі христиандарды қырып-жоюға жол беруді жалғастырса, АҚШ бұл елге көрсетіліп жатқан кез келген көмекті бірден тоқтатады және қазіргі таңда масқара күйге түскен бұл елге кіріп, террористердің көзін толықтай жоя алады, — деп жазды Трамп Truth Social платформасында.

Ол сондай-ақ қорғаныс министрі Пит Хегсетуке ықтимал әскери іс-қимыл жоспарын дайындауды тапсырғанын айтып, егер шабуыл жүзеге асса, «ол қатаң, жылдам әрі дәл» болатынын атап өтті.

Ал Пентагон басшысы Пит Хегсет америкалық әскерилер Нигерияға қатысты әрекеттерге дайындық режимінде тұрғанын растады, бірақ операцияның егжей-тегжейін ашқан жоқ.