Сарапшының пікірінше, Қазақстанға Өзбекстаннан ет сатып алуға тура келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахымбеков жақын уақытта Қазақстанда еттің келісі 15-20 мың теңгеге жететінін айтты. Оның сөзінше, бұл өнімді еліміз Өзбекстаннан импорттауға мәжбүр болады.
- Кейін біз, қазақтар, басты ұлттық тағамымыз бешбармаққа өзбек етін салатын боламыз, бірақ оның келісі 15-20 мың теңге болады. Айтпақшы, мен 2019 жылы еттің бағасы 5-6 мың теңге болады деп ескерткенмін. Қанша сынаса да, менің болжамдарым орындалып келеді. Жағдайды біліп отырғандықтан осындай қорытынды жасадым. Қазір малдың 80-90 пайызы ұсақ шаруашылықтардың қолында. Өнімнің өзіндік құнының басты бөлігі – жем-шөп. Технология бойынша көп нәрсе бар, бірақ біз оны ұмытып кеттік, қолда бар жалғыз нәрсе – шөп. Ұсақ шаруашылықтардың техникасы жоқ, сондықтан олар шөпті фермерлерден сатып алады. Қуаңшылық болған бойда баға өсе бастайды, – деді ол TengeTalks YouTube-арнасына берген сұхбатында.