Мобильді аударымдар туралы бұны білуіңіз керек

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда мобильді аударымдар қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда банктердің мобильді қосымшалары арқылы операция жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері 1 қарашадан бастап жаңартылып, күшіне енді.

ТЫЙЫМ

Енді мобильді аударымдар күмәнді орналасу орны анықталған жағдайда — мысалы, басқа елден сұраныс түскен кезде — бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ жүйе телефон арқылы сөйлесу кезінде жасалған операцияларды да бұғаттай бастады.

ҚАУІПСІЗДІК

Банктік қосымшаға кіру үшін қазақстандықтар екі факторлы аутентификацияны қолдануға міндеттелді. Бұл — пароль және қосымша растау: SMS-код, push-хабарлама немесе биометриялық дерек.

МАҢЫЗДЫ

Егер жүйе құрылғыдан қашықтан басқару бағдарламаларын немесе операциялық жүйенің бұзылғанын анықтаса, банктік қосымша автоматты түрде бұғатталады.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Киберқауіпсіздікті арттыру және қазақстандықтарды алаяқтардан қорғау мақсатындағы түзетулер биылғы тамыз айында мақұлданған болатын.