4 қабатты үй қирап, 14 адам жараланды - Ресей дрондарының шабуылы

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

6 қарашаға қараған түні Ресейдің ұшқышсыз аппараттары Каменское қаласына шабуыл жасап, 8 адам жараланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы облыстық әкімшіліктің басшысы міндетін атқарушы Владислав Гайваненко мәлімдеді. Қалада бірнеше өрт шыққан. Төрт қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісінде шатыр мен қабатаралық жабындар ішінара қираған. Сондай-ақ, көлік кәсіпорнына зақым келген.

ПЕТРОПАВЛОВСК ҚАУЫМЫНДАҒЫ ӨРТ

Синельников ауданына қарасты Петропавловск қауымында да дрон шабуылы салдарынан коммуналдық кәсіпорын ғимараты өртенді.

ХАРЬКОВ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БОГОДУХОВ ҚАЛАСЫНА ШАБУЫЛ

Харьков облысының Богодухов қаласында өткен тәулікте Ресейдің шабуылы салдарынан 6 адам жараланды. Облыс әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, зардап шеккендер қатарында 49 және 18 жастағы ер адамдар, 33, 53 және 47 жастағы әйелдер, сондай-ақ 10 жастағы қыз бала бар.