2022 жылдан бері Қазақстанда мемлекеттік институттарға деген сенім азайып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
PaperLab зерттеу орталығының директоры, әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың айтуынша, бұл үрдіс Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) деген сенімнің де төмендеуімен байланысты. Себебі азаматтар қорды үкіметтің бір бөлігі ретінде қабылдайды, деп жазады digitalbusiness.kz.
– Қазір адамдар болашақта лайықты зейнетақы алатынына сенбейді. Зейнетке шыққан соң жиналған қаражат өмір сүруге жетпейтінін түсініп отыр. Қазіргі зейнеткерлердің орташа табысы – 150 мың теңге, ал елдегі орташа жалақы 300–350 мың теңге шамасында. Демек, олардың кірісі екі есе азайған. Бұған қоса, халық Ұлттық қор мен БЖЗҚ қаржысының экономикалық дағдарыстарды шешу үшін жұмсалып жатқанын көріп отыр. Бұл болашаққа деген сенімсіздік тудырады, – деді сарапшы.
БОЛАШАҚ
Бейсембаевтың айтуынша, қазақстандықтар үшін қартайғанда балаларының көмегіне сүйену – ең шынайы үміт болып тұр. Сонымен қатар, көпшілігі зейнет жасында да жұмыс істеуге тура келетінін қазірдің өзінде түсініп отыр.