Алматыдағы балалар үйінде өрт шықты

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.

– Тәрбиеленушілер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерде жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір оқиға орнында қала ТЖД бастығы жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.