"Перзент" балалар үйіндегі өрт: тәрбиеленушілер қайда орналасты?

Сырым Қаржас
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі «Перзент» балалар үйіндегі өрттен кейін балалар қайда орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өрт шыққан сәтте балалар үйінде 35 тәрбиеленуші және қызметкерлер болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта балалар уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды. Онда қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.

Балаларға тамақ беріліп, жайғастырылды. Олар сырт киіммен, азық-түлікпен және жеке гигиена құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ тәрбиеленушілерге тәттілер берілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.