Жетісу облысында сарбаз өрт сөндіру кезінде биіктен құлап қайтыс болған

Динара Жарқынбек
Фото: Ulysmedia.kz

Жетісу облысында сарбаз өрт сөндіру кезінде биіктен құлап қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы сарбаздың әкесі Серікқали Исаев Ұлысмедиа тілшісіне айтып берді. 

– Менің балам Рүстем Серікқалиұлы 2019 жылдан бері келісімшарт бойынша қызмет еткен. 2025 жылы 10 сәуірде өрт шығып, сол жерге жіберген. Ұлым сол күні жасақта тұрған. 29 сағаттан кейін өртке жібереді. Ол қаншалық дұрыс? Сол жердегі өртте биіктен құлап қайтыс болған. Әділ сот болмай жатыр. Жетісу облысының прокуроры баланың өзін кінәлап, істі жауып тастай береді. Сонжықтан әділдік іздеп, Астанаға келдім, дейді ол. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Айта кетейік, бүгін Астанада әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шығып, талап қойған болатын. Ұлысмедиа тілшісі әскерде жүріп мүгедек болып қалған сарбаздың анасы мен әскерде қаза тапқан сарбаздың анасымен тілдескен еді.