Мүгедектігі бар балалардың ақысын жеген алаяқ ұсталды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Ер адам мессенджерде жалған хабарландырулар жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокуратураның мәліметінше, WhatsApp-тағы тақырыптық топта ер адам мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қолданыста болған арбаларды сатамын деп хабарландырулар жазған. Жәбірленушілер бұл хабарландыруларға сеніп, оған 40 мыңнан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі және келтірілген залалды өтеуі секілді жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, ер адамға 2 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Петропавлда ерекше алаяқтық ісі қаралған болатын. 39 жастағы жергілікті тұрғын құрбысына некесін сақтап қалуға «балгер» арқылы көмектесе аламын деп сендірген.