Зүлфия Сүлейменова сыртқы істер министрлігінде қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Зүлфия Сүлейменова президенттің кеңесшісі қызметін атқарған болатын. Бұл қызметінен биыл қыркүйекте кетті. Ол сондай-ақ Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болды. Бұл қызметтерді ол екі жыл атқарды. Бұған дейін экология министрі болған.
2023 жылдың қаңтарынан бастап экология және табиғи ресурстар министрі болған Зүлфия Сүлейменова сол жылы 1 қыркүйекте қызметінен босатылды.
Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” резерваты аумағында өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді.