Бүгін Талғар аудандық сотында “Хутор” қылмыстық тобының лидері делінген Хасан Қасымбаевқа үкім оқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Полиция сотқа кіреберіс көшені жауып, аумақта бақылау күшейген.
Сот залында да күзет күшейген.
Ішке журналистерді де тексеріп кіргізді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұраған болатын.
Фото: Ұлысмедиа
«Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа 4 тамызда түсті.
Полиция дерегінше, Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «бопсалау» баптары бойынша іс қозғалған.