Қасымбаев әйнекті сындырды: сот залында журналистерді шығарып жіберді

Есдәулет Қызырбекұлы
Фото: Ulysmedia.kz

Хасан Қасымбаевтың сотында журналистерді сот залынан шығарып жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотталушылар мен туыстарының қарсылығынан кейін журналистерді залдан шығарып жіберді. 

Хасан Қасымбаев әйнекті сындырып, журналистердің қатысуына қарсы екенін айтты. Осыдан кейін сот хатшылары журналистерді шығарып жіберді. 

Журналистер сотты көрші залдан бақылап отыр.

Оқиға орнында жүрген Ұлыс тілшісінің сөзінше, айыпталушылар сот қызметкерлерінің атын атап, қасына шақырып алып жүр. Арнайы жасақ пен полиция Хасан Қасымбаев әйнекті шаққанда ешқандай әрекет жасамады, тек сырттай бақылап тұрған.