Жыл басынан бері 1367 ресейлік кәсіпорын ел аумағынан кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейлік бизнес Қазақстанға белсенді түрде келген кезең 2022 жыл болғаны белгілі: сол жылдың 1 қаңтарында елде ресейлік үлесі бар 7 929 заңды тұлға тіркелген болса, 2023 жылдың басында бұл сан 15 661-ге жетіп, 1,9 есе артқан, деп жазады LS. 2024 жылдың 1 қаңтарына қарай көрсеткіш тағы да өсіп, 19 444-ке жеткен (+24%).
ДИНАМИКА
Биыл Ресей инвестициясы бар кәсіпорындардың жабылу үрдісі жалғасуда. 1 қазанға қарай Қазақстан аумағында осындай 17 494 компания қалған. Бұл жыл басымен салыстырғанда 7,2%-ға немесе 1367 кәсіпорынға аз.
САЛАЛАР
Сауда саласында 7 188 компания жұмыс істейді (–7,4%). Ақпарат және байланыс бойынша 2 358 заңды тұлға (–8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен 1 583 компания (–6,6%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 1 039 кәсіпорын (–3,6%) бар. Құрылыс саласында 810 компания жұмыс істеп тұр (–6%).
Негізгі өңірлер — Астана (4 469 компания, –9,5%) және Алматы (6 982 компания, –7,2%).