Лондон, Нью-Йорк және Париж — 2026 жылғы әлемнің ең үздік қалалары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРЫҚ
Resonance Consultancy сарапшылары 2026 жылғы World’s Best Cities рейтингін жариялады. 270 мегаполис бағаланған бұл тізімде экономика, қауіпсіздік, инфрақұрылым, мәдени өмір және қалада өмір сүруге деген ықылас секілді ондаған критерий ескерілген.
«Біз тек сандарға емес, сезімге де қараймыз. Қала бай болуы мүмкін, бірақ егер ол шабыт бермесе — ол үздік емес», — деп түсіндірді зерттеу авторлары.
2026 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК 5 ҚАЛА:
10 үздік қаланың қатарына Сингапур, Рим, Дубай, Берлин және Барселона енді. Сарапшылар бұл қалаларды инвестиция, туризм және өмір сүру үшін ең қолайлы деп бағалады.
Одан кейінгі орындарда Сидней, Лос-Анджелес, Сеул, Амстердам, Пекин, Шанхай, Торонто, Сан-Паулу, Гонконг, Стамбул, Мельбурн, Бангкок, Осака, Осло, Стокгольм қалалары жайғасқан. Орталық Азия қалалары бұл рейтингке енбеген.