Вице-министр қаза тапқан сарбаздардың аналары туралы сұраққа жауап беруден қашты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz

Мәжіліс кулуарында қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев қаза тапқан сарбаздардың аналарының мәлімдемелеріне қатысты жағдайды түсіндіруге уақыт таппады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Редакция журналисіне ол: «Уақытым жоқ, жиналысқа асығып бара жатырмын», – деп қысқа қайырған.

— Мен осында боламын, пленарлық отырыстан кейін қаламын, — деді Ахмедиев.

Оған журналистер аналардың Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты немесе оның орынбасарларын жеті сағат бойы күткенін еске салды. Әйелдер Үкімет үйіндегі 16-кіреберістегі мемлекеттік органдардың қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрған.

— Маған қазір кіру керек. Кейін шығып, жауап беремін, — деді Ахмедиев, отырыс басталғанға дейін әлі шамамен он минут бар екенін ескерткен журналистің сұрағына жауап ретінде.

МИТИНГ

Еске салайық, 10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті