Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі - Тоқаев

Ілияс Бақыт
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Ақорда” телеграмм арнасының хабарлауынша Қазақстан президенті өз сөзінде тарихқа шегініс жасаған. 

– Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Қазақстан президенті. 

Жауап ретінде Ресей президенті Путин де осыған ұқсас пікір білдірген. 

 

«Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі. Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз». - деді Путин. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөз жүргізгенін хабарлаған едік. 

Тоқаев тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндеті қойылғанын атап өтті.