Ресейде Қазақстаннан жеткізілген алкоголь жойылады

Сырым Қаржас
gov.ru

Қазақстандық азамат Ресей аумағына ірі көлемде алкогольді заңсыз әкелмек болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Маштаково» өткізу пунктінде көлігін тексеру барысында ер адамның автокөлігінен көлемі бес литрден болатын 120 мөлдір полиэтилен құты табылған. Барлығы – 600 литр, этил спиртінің үлесі – 50 пайыз.

СОТ

Қазақстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Орынбор облысының сотында қаралды. Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, 15 мың рубль (шамамен 97 мың теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ тәркіленген 600 литр алкоголь өнімін жою туралы шешім қабылданды.