Қызылорда қалалық соты әуе компаниясының жолаушыға қарсы талабын қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Іс материалдарына сәйкес, Астана – Алматы рейсі қонғаннан кейін жолаушы ұшақтың апаттық шығу есігін өз бетінше ашқан.
– Апаттық шығу есігін ашып, үрлемелі апаттық трапты іске қосу нәтижесінде талапкерге материалдық шығын келтірілген және оны ауыстыру қажет болған. Ауыстыру құны 22 995 936 теңгені құрады, – делінген сот хабарламасында.
СОТ ШЕШІМІ
Тараптар сотта татуласты. Медиациялық келісім бойынша жолаушы Air Astana компаниясына 2025 жылғы 20 қарашаға дейін 6 698 426 теңге төлеуге міндеттелді. Өз кезегінде әуе компаниясы 23 миллион теңгеге жуық талаптан бас тартты.
Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Daily Express дерегінше, Тайваньдық EVA Air, UNI Air және Tigerair, сондай-ақ Жаңа Зеландияның Air New Zealand компаниялары жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізді: енді Apple AirPods секілді танымал сымсыз құлаққаптарды тіркелген багажға тапсыруға болмайды.
FlyArystan әуе компаниясы қазақ тіліне қатысты келеңсіз жағдайға тап болған.