Zara, Amazon, Nokia: Ресейде кім өз атауын сақтап қалды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

2022 жылдан кейін Ресейден кеткен шетелдік компаниялар өз брендтерінен айырылу қаупіне тап болуда. Ел заңына сәйкес, үш жыл қатарынан қолданылмаған тауар белгісіне кез келген адам өтінім бере алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Bloomberg мәліметінше, 2024 жылдан бері 300-ден астам шетелдік компания сот арқылы тауар белгісін жоғалту қаупіне ұшыраған. Алайда, егер компания белгісін әлі де қолданатынын дәлелдесе немесе талапкердің мүддесі расталмаса, сот талаптарды кері қайтарады.

2025 жылы ресейлік ресторатор Антон Пинский Starbucks брендіне қатысты талап-арыз бергенімен, сот оны қабылдамады. Бұған дейін Starbucks Ресейдегі бизнесін Пинский мен Тиматиге сатып, Stars Coffee желісін құрған.

Кейбір талапкерлер бірнеше брендті бірден иеленуге тырысуда. Мысалы, Андрей Кожухарев 2024 жылы Stüssy, Fred Perry, Carhartt секілді киім брендтеріне қатысты 12 талап-арыз берген. Екеуі кері қайтарылды, қалғандары қаралуда.

КІМДЕР ҚОРҒАП ҚАЛА АЛДЫ?

Брендін қорғап қалғандар қатарында Amazon, Victoria’s Secret, Ericsson, Nokia және Inditex (Zara, Bershka, Massimo Dutti) бар. Бірақ Multigoods Production атты гонконгтік компания 2024 жылдан бастап осы брендтердің көбін аннулировать етуге қол жеткізген.

Сондай-ақ, Калининградтағы UCM компаниясы британдық Gitanes сигарет брендіне қатысты құқықты сот арқылы жойғанымен, кейін өтінімді кері қайтарып алған.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында тауар белгілерін ұзарту бойынша өтінімдер саны күрт артты — 2024 жылы 15,5 мыңнан астам өтінім тіркелген. Giorgio Armani мен Michelin секілді брендтер өз белгілерін қорғауға кіріскен, бірақ Ресейге оралу жоспары жоқ.