Ес-түссіз майор мен әйелдің мәйіті табылған оқиға: полиция қызметкері ауруханадан шықты

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында полицияның тірек пунктінде ес-түссіз табылған полиция қызметкері ауруханадан шықты. Ақпаратты жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Биыл 1 қазанда Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз полиция қызметкері табылған.

Сол уақытта облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Жергілікті «Патриот» телеграм арнасы полиция пунктінен екі адамды жергілікті учаскелік полиция инспекторы тапқанын жазған. Ес-түссіз майор «қандай да бір заттың ықпалында» болған.

Полиция майоры ауруханадан шығарылғаннан кейін ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылған.