Ақмола облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны 14 жастағы оқушы қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бір тәулікке жетпей ұсталған.
– Қылмыс жасағаннан кейін ер адам жасырынуға тырысқан, алайда жедел іздеу шаралары нәтижесінде тез арада табылып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.
Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының ерекше бақылауында.
– Күдікті заң бойынша қатаң жазаланады. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық ешқандай ерекшеліксіз, барынша қатаң түрде тоқтатылады, – делінген полиция таратқан хабарламада.