Украина мен Ресей «Ыстамбұл форматы» аясында тұтқындар алмасуға қатысты келіссөздерді қайта бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, Украина президентінің тапсырмасы бойынша ол Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арағайындығымен алмасу процесін қайта іске қосуға бағытталған консультациялар жүргізген.
ДӘЙЕКСӨЗ
— Жақын арада техникалық консультациялар өтеді. Онда барлық рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселе бекітіледі. Біз еш кідіріссіз жұмыс істеп жатырмыз. Тұтқыннан оралуға тиіс украиндар Жаңа жыл мен Рождествоны үйде — отбасымен бірге қарсы алуы үшін әрекет етіп жатырмыз, — деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
Ол алмасу шамамен 1 200 украин азаматын босатуға қатысты екенін нақтылады.
Жақын күндері рәсімдік және ұйымдастырушылық тетіктерді бекітетін техникалық келіссөздер өтеді.