Тіл мәселесі: Басы дауға қалған Рәміл Мухоряповке қатысты іс тоқтатылды

Ulysmedia

Choco холдингінің тең төрағасы Рәміл Мухоряпов ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары нәтижесінде қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату жөнінде процессуалдық шешім қабылдады», - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Еске сала кетейік, қазақ тіліне құрметсіздік танытқан Рәміл Мухоряповтың әрекеті қоғамды дүр сілкіндіргені белгілі. «Орыс тілін біле тұра, қазақ тіліне сөйлеу – мәдениетсіздіктің белгісі» деп жаңалық ашқан Рәміл Мухоряпов қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Қазақ тіліне қатысты орысыз пікір білдіріп, мемлекеттік тілді кемсіткені үшін Мухоряпов осындай адам айтса сенгісіз жағдайға тап болды. Осы жағдай Қазақстанда қазақ тілінің маңызды экономикалық факторға айналғанын анық көрінуге болады. Мамандар алдағы уақытта қазақ тілі нұсқасы жоқ сайттар мен қосымшаларға берілген үлкен белгі екенін айтады.