Қызылордада мемлекеттік кәсіпорыннан ақша жымқырғандар ұсталды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қызылордада "Қазсушар" РМК бөлімшесінде ақша жымқырғандар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болды. Бұл ретте қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылған (60 мың тонна).

Табиғи материал – Көкарал бөгетінің стратегиялық нысанын нығайту үшін өте қажет.

ШЫҒЫН

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген.

ТЕРГЕУ

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, аса iрi мөлшерде жасаған).

ҚАМАУ

Соттың санкциясымен «Қазсушар» РМК филиалының бес лауазымды тұлғасы мен бас мердігер қамауға алынды. Қылмыстық істі облыстың арнайы прокурорлары тергеді.

Қазіргі таңда, ол бойынша іс аяқталып, сотқа жіберілді.