Италияда 27 жастағы қазақстандық ғалым қаза тапты

Ulysmedia

Қазақстан азаматын көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

"17 қаңтарда Салерно қаласының орталығында Салерно Университетінің жас зерттеушісі - 27 жастағы Әсем Жарбосынды жолдан өту кезінде көлік қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды", – делінген Corriere del Mezzogiorno басылымының материалында.

Итальяндық басылымның хабарлауынша, көлікті 20 жастағы жігіт тізгіндеген. Алкоголь сынағы теріс нәтиже көрсеткен.

"Біз трагедияны растаймыз. Қазір марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Біз оның туыстарымен байланыстамыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.