1 маусым демалыс күні болып бекітіле ме

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

1 маусымды демалыс күні ету ұсынысы: Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері қолдамады, бірақ Еңбек министрлігі бастамадан бас тартпай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

1 маусым Қазақстанда ресми демалыс күні бола ма деген сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап берді. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бұл бастамамен келіспеген. Атап айтқанда, Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі ұсынысты қолдамаған. Дегенмен, Еңбек министрлігі бұл идеядан бас тартпайтынын мәлімдеді.

«Жоқ, бұл бастама жыл сайын қайта көтеріледі, мәселе жабылған жоқ. Биыл көтерілген соң, ол алдағы уақытта да үнемі талқыланып отырады. Қалай болғанда да, бір келісімге келеміз деп ойлаймын», – деді Ертаев Мәжіліс кулуарында.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

16 мамырда Мәжіліс депутаты Кенжегүл Сейтжан Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке – Балаларды қорғау күнін ресми түрде бекітуді ұсынған болатын. Еңбек министрлігі бұл ұсынысты қолдады. Ведомствоның пікірінше, мұндай мереке балалардың психоэмоционалдық жағдайына оң әсер етеді. Алайда министрлік жаңа мемлекеттік мерекені бекіту үшін бірнеше ведомствоның келісімі мен Үкімет деңгейінде мақұлдау қажет екенін атап өтті.

ШІЛДЕ АЙЫНДА

Вице-министр Асқарбек Ертаев бұл мәселе бойынша шешім жаздың соңына дейін қабылданатынын хабарлаған еді.