Алматыда "Артспорт" бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланған

Ulysmedia

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Жиында тұрғындар балаларға арналған үйірмелер мен шығармашылық және спорттық мектептер тапшылығы мәселесін көтеріп, "Артспорт" бағдарламасының жұмысын тезірек шешуді сұрады.

"Енді "Артспорт" бағдарламасы QR-код арқылы жұмыс істейді. Өткен жылы біз Алматы қаласына 20 миллиард теңге бөлдік. Оның ішінде 2,5 миллиард теңге ұрланған. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Баланың бар-жоғын тексеру үшін сізге QR-код қажет. Балабақшалар  жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатыр. Ешкім шағымданған жоқ. Биыл қалаға 16,2 миллиард теңге, Алатау ауданына 2 миллиард теңге бөлінді", - деді әкім.