Әлемде кофе бағасының құлдырауы рекордтық 40%-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлемде кофе бағасының күрт төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлайды Reuters басылымы. БАҚ деректеріне сүйенсек, күрт арзандау бүгін, 21 қарашада орын алды. Құлдырау АҚШ президенті Дональд Трамптың Бразилиядан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға салынған 40% мөлшеріндегі кедендік баждарды алып тастағанымен байланысты:
Бұл баждар шілде айында Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қатысты сот қудалауы үшін елді жазалау мақсатында енгізілген еді. Шешім АҚШ-тағы азық-түлік бағасының өсуіне және халықтың наразылығына әкелді. Мысалы, қыркүйек айында елдегі бөлшек саудадағы кофе бағасы жылдық есептеуде 40%-ға өскен.
Баждардың күшін жоюдан кейін әлемдік физикалық кофе бағасын анықтау үшін негізгі көрсеткіш ретінде қолданылатын ICE биржасындағы арабика кофесінің фьючерстері 4,6%-ға төмендеп, фунты (0,45 кг) 3,6 долларға түсті. Бұған дейін олар екі айлық минимумға дейін 6%-дан астам төмендеген болатын.
«Әдетте ерітінді кофе өндірісінде қолданылатын, ал қуырып тартылған қоспаларда арабика басым болатын робуста сортындағы кофенің фьючерстік бағасы 5%-ға төмендеп, тоннасы 4400 долларға түсті. Бұған дейін ол 8%-ға құлдыраған», – делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ulysmedia.kz тілшілері базарға барып Қазақстандағы азық-түліктің қалай қымбаттағанын анықтаған.
21 қараша, жұма күні болғанына қарамастан, базарда сауда жасаған адамдардың қарасы аса көп емес. Сатушылар сөрелердегі тауарларын реттеп, сөйлесуге зауқы жоқ екендерін айтты. Аты жөнін айтпаған сатушылардың бірі ет бағасының қымбаттауына байланысты сауда бұрынғымен салыстырғанда әлде қайда төмендегенін айтты.